Риддер қаласының тұрғыны көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін

Риддер қаласының тұрғыны көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін

Риддер қаласының тұрғыны көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде сағат шамамамен 00:05-те Риддер қаласында өнеркәсіп базасы маңында ППБ қызметкерлері 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарған Риддер қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі тұлғаның көлік құралын басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғастырылуда.

2021 жылдың өткен кезеңінде Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде сотқа дейінгі іс жүргізу аясында көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі тұлғаның көлік құралын басқаруының 33 фактісі тіркелген, 24 факті бойынша айыптау үкімі шығарылған.

ЖКО-ға жол бермеу, жақындарыңыз бен туғандарыңыздың өмірін сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа Жол жүрісі қағидаларын сақтауға және белгіленген жылдамдық режимін арттыруға жол бермеуге кеңес береді.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі