ШҚО тұрғыны полицияға екі бірлік қару тапсырды

ШҚО тұрғыны полицияға екі бірлік қару тапсырды

ШҚО тұрғыны полицияға екі бірлік қару тапсырды

Жақында Үржар аудандық полиция бөліміне 51 жастағы ер адам жүгініп, екі бірлік аңшылық қаруын өз еркімен тапсырды.

Ер адамның айтуынша, аталған қарулар 2018 жылы қайтыс болған марқұм әкесінен қалған. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап (ерекше өкімге дейін) ШҚО аумағында халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтуде.

- Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы ер адамға қару үшін 120 000 теңгеден астам қаражат төлейтін болады. Осылайша, тіркелмеген қару мен оқ – дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясын өткізу барысында облыс бойынша халықтан 9,7 млн.теңгеге 153 бірлік қару (ойық – 25 және тегіс ұңғылы - 128) қабылданды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында бұл акция санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтуде.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі