Өскеменде ұрланған автокөлік жол апатына ұшырады

Өскеменде ұрланған автокөлік жол апатына ұшырады

Өскеменде ұрланған автокөлік жол апатына ұшырады

Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны ағымдағы жылдың 22-23 сәуіріне қараған түні оның танысы «AUDI» автокөлігін иеленіп, жол-көлік оқиғасына тап болғанын айтты. Келтірілген шығын шамамен 2 млн. теңгені құрады.

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары полиция бөліміне 41 жастағы ер адамды жеткізді, ол қылмысын мойындады,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі