ШҚО тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 8 000 шаршы метр көлденең жол белгісі салынды

ШҚО тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 8 000 шаршы метр көлденең жол белгісі салынды

ШҚО тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 8 000 шаршы метр көлденең жол белгісі салынды

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап Өскемен қаласының көше-жол желісіне көлденең жол белгілерін салу бойынша жұмыстар басталды. Бүгінгі күні қаланың 11 көшесіне 8 000 шаршы метрге жуық көлденең жол белгісі салынды.

Сонымен қатар, эксперименттік мақсатта Сәтбаев даңғылы мен Әуезов даңғылында сары түсті көлденең жол белгісі (қос тұтас сызық) салынған. Бұл жол белгісі қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөле отырып 1.3 ақ түсті қос тұтас жол белгісінің функциясын орындайды.

Бұл жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және жоспарлы түрде жүргізіледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 12-14 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және ескерту мақсатында "Назар аударыңыз-балалар" жедел - алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Осы жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызметтер өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдары және оларға іргелес аумақтар орналасқан жерлерде көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізуді ұйымдастыратын болады, оның нәтижелері бойынша тиісті ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін болады.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі