
Жас жігіт Өскемендегі ТЖО аумағынан автокөлікті айдап кеткен
Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаланың 29 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз тұлға техникалық жөндеу орталығынан оның жөндеуге қалдырылған «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігін иемденіп алды деп арызданған. Арызданушы келтірілген залалды 750 000 теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың криминалдық полиция қызметкерлері Теміржолшылар көшесінен автокөлікті тапты. 19 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жігіттің осыған ұқсас қылмыс үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі