
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ-ның екінші күні: 50 шақты жүргізуші көлік құралдарын мас күйде басқарғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ШҚО ПД-мен Шығыс Қазақстан облысы аумағында ағымдағы жылдың 27 сәуірінен бастап көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
- Операцияның екі күнінде полицейлермен барлығы 43 қылмыс ашылып, оның 30-ы бұрын жасалған, және де іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Төрт мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, олардың ішінде 458-сі ұсақ бұзақылық, 676-ы қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде болу, 643-і тіркеусіз және жеке куәліксіз тұру фактілері.
Үш мыңнан астам есепте тұрған адамдар тұрғылықты жерлері бойынша тексерілді. 8 есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі анықталып, 60 грамға жуық есірткі тәркіленді.
Заңсыз айналымнан 14 бірлік қару алынды, 49 жүргізуші көлік құралдарын мас күйде басқарғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке және көлікті басқару құқығынан айырылған 13 тұлға көлікті басқарғандығы үшін жуапкершілікке тартылды.
Айта кетсек, Курчатов қ.ПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен "Ваз-217230" маркалы автокөлігін мас күйде басқарған 32-жастағы қала тұрғыны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 608 б. 3 б. бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Курчатов қалалық сотымен жүргізуші 20 тәулік көлемінде әкімшілік қамауға алынады және көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жыл мерзіміне айырылды. «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ ағымдағы жылдың 29-сәуіріне дейін жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі