
ШҚО тұрғынынан дәнекерлеу аппаратын ұрлаған
Алтай қ. ПБ-ге 40 жастағы ер адам хабарласты, ол айдың басында белгісіз тұлғалар құлыпталмаған ашық есік арқылы үйіне кіріп, бөлменің кіреберісінде тұрған, дәнекерлеу аппаратын ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 70 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» күдікті анықталып, жеткізілді, ол Глубокое ауданының 53 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО Полиция департаменті азаматтардан қырағы болуды және өз баспанасын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сенімді есіктерді, құлыптарды және дабыл жүйелерін орнату арқылы сақтық шараларын ұстаныңыз. Әрқашан пәтерден аз уақытқа шығып бара жатсаңыз да, есіктерді құлыптап бекітіп жүріңіз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі