Жас жігіт Семей тұрғынының барлық алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа кепілге қойған

Жас жігіт Семей тұрғынының барлық алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа кепілге қойған

Жас жігіт Семей тұрғынының барлық алтын бұйымдарын ұрлап, ломбардқа кепілге қойған

Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 40 жастағы әйел хабарласты, ол таныс емес жігіттің жалдамалы пәтерден оның алтын сырға мен алтын сақинасын, сондай-ақ 15 000 теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген жалпы шығын 190 000 теңгеден асты.

Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» полиция бөліміне 24 жастағы жігітті анықтап жеткізді. Одан заттай дәлел ретінде ломбардтың кепіл билеті алынды. Жауап алу барысында күдікті жасаған қылмысын мойындады. Белгілі болғандай, ер адам осыған ұқсас факт бойынша бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі