Өскемен тұрғыны асыл тұқымды итті ұрлап кеткен

Өскемен тұрғыны асыл тұқымды итті ұрлап кеткен

Өскемен тұрғыны асыл тұқымды итті ұрлап кеткен

Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қалалық ЖШС бірінің 35 жастағы қызметкері жүгінді. Ол 10:40 шамасында қоршаудан белгісіз адам оған тиесілі Пекинес тұқымды 2 жасар итін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын 80 мың теңгені құрады.

Жедел - іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» ұрлыққа қатысы бар адамды анықтап жеткізді. Тергеу барысында ол 66 жастағы әйел екені анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі