ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталды

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталды

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге және анықтауға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Үш күн ішінде тәртіп бұзушыларға, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолынан өту кезінде ЖҚЕ сақтамайтын жүргізушілерге ерекше назар аударылады. Бұдан басқа, мас күйінде көлік құралдарын басқару, автомобильдерді басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалану, жылдамдық режимін бұзу фактілерінің жолын кесілетін болады.

- Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер де назардан тыс қалмайды. Облыс полицейлері автобус пен такси жүргізушілері арасындағы апаттылықты тұрақтандыру бойынша шараларды іске асырады, - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Айта кетсек, жыл басынан бері 207 ЖКО тіркеліп, 20 адам қаза тауып, 292 адам түрлі дене жарақатын алған.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі