
Семей тұрғыны таксидің шынысын сындырды
Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 28 жастағы такси жүргізушісі арызбен жүгініп, такси қызметі үшін төлемге байланысты жанжал туындап, клиенттердің бірі бұзақылық ниетпен қолмен ұрып, алдыңғы шынысын зақымдағанын хабарлаған. Осылайша 250 мың теңге шығын келтірген.
-Патрульдік полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 54 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол тергеу барысында өз кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі