ШҚО-да ауыл тұрғыны автокөлік ұрлаған

ШҚО-да ауыл тұрғыны автокөлік ұрлаған

ШҚО-да ауыл тұрғыны автокөлік ұрлаған

Шемонаиха полиция бөлімінің «102» жедел каналына Выдриха ауылының 35 жастағы тұрғыны жүгінді, ол түнгі уақытта үйдің ауласынан белгісіз адам оның «Nissan» көлігін айдап кеткенін хабарлады. Осылайша 1 000 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірді.

- Учаскелік полиция инспекторы жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен бірлесіп «ізін суытпай» 25 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Көлік иесіне қайтарылды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі