
ШҚО-да ломбард қызметкері 3 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп алған
Жақында Аягөз аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаланың 41 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 31 жастағы сарапшы-бағалаушы 2020 жылдың басынан бастап 2021 жылдың сәуіріне дейін ломбардтың 3 100 000 теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.
Жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні жеткізді. Іс бойынша ноутбук пен чектер тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі