20-дан астам жаңа телефон алаяққа бұйырды

20-дан астам жаңа телефон алаяққа бұйырды

20-дан астам жаңа телефон алаяққа бұйырды

Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 29 жастағы ер адам хабарласып, ол өткен жылдың қазан айында оның танысы сату сылтауымен оның 21 дана ұялы телефонын иемденгенін хабарлады. Келтірілген жалпы шығын 769 300 теңгені құрады.

-Жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді. Одан жауап алу кезінде барлық ұялы телефондарды сатып жібердім деп түсіндірді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі