Маска тігемін

Маска тігемін

Маска тігемін

Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ЖШС-нің 52 жастағы директоры жүгініп, ағымдағы жылдың наурыз айында қызметкерлердің бірі үй жағдайында көп реттік медициналық маскаларды тігу сылтауымен материал мен фурнитураны алдау жолымен иемденгенін хабарлады. Осылайша 129 800 теңге шығын келтірген.

- Жедел уәкілдермен «ізін суытпай» қаскүнем анықталды, ол сол ЖШС қызметкері болып шықты. Ұрланған зат тәркіленіп, ер адам кепіл ретінде қалдырған ойын-сауық орындарының бірінде табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі