
Зейнеткердің теңгелеп дәріге жинаған қаражатын алаяқ иемденді
Жақында Өскемен қ.ПБ «102» жедел арнасына 63 жастағы ер адам жүгінді. Ол 2021 жылғы 26 ақпанда оның үйіне келген танысы, оны емдеу кезінде оған күтім жасау және оған дәрі-дәрмек сатып алу сылтауымен, оны алдау жолымен 575 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденді.
- Криминалдық полиция қызметкерлері 48 жастағы қала тұрғынын жеткізді, ол тексеру барысында өз кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі