
Полицейлер Шығыс Қазақстан облысында 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балықты тәркіледі
Көкпекті аудандық полиция бөліміне Зайсан көлінің жағасында Тассай ауылының тұрғындары заңсыз балық аулаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Тассай ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан Зайсан көлінің жағасында орналасқан «Қарақас» учаскесінде 34 жастағы ер адамның ұсталғаны анықталды, тексеру барысында «ВАЗ» автокөлігінен балық аулау құралдары және 150 келіден астам заңсыз ауланған балық (шортан, көксерке, табан) тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі «балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша СДТБТ-де тіркелді.
- Сонымен қатар, жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мемлекеттік органдармен және қызметтермен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтады, онда 5 тоннадан астам балық тәркіленді, – ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Бүгінгі таңда заңсыз балық аулағаны үшін 7 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 230-дан астам балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы шығын сомасы 14 млн. теңгеден асты.
Естеріңізге сала кетейік, браконьерлерден тәркіленген балық арнайы балық қабылдау пунктіне тапсырылады, ал алынған табыс мемлекет қазынасына аударылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі