ШҚО ПД басшылығы прокурорлармен өзара іс-қимылды нығайтуда

ШҚО ПД басшылығы прокурорлармен өзара іс-қимылды нығайтуда

ШҚО ПД басшылығы прокурорлармен өзара іс-қимылды нығайтуда

ШҚО Полиция департаментінде облыстың құқық қорғау органдары бірінші басшыларының қатысуымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделін енгізу өзінің алғашқы нәтижелерін беруде. Жыл басынан бері азаматтардың конституциялық құқықтарын және қылмыстық істерді тергеу мерзімдерін бұзу саны едәуір азайды.

«Қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі», - деп атап өтті ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Отырыс барысында облыс полицейлері мен прокурорлары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында сотқа дейінгі тергеу саласында елеулі реформа жүргізіліп жатқанын, атап айтқанда қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов өткен жылдың 31 желтоқсанында ҚР аумағында қылмыстық процестің үш буынды моделінің енгізілуімен белгіленгенін, бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың маңызды қадамы болғанын атап өтті.

- Егер сандар туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда 5722 шешімнің 5509 - ы прокурорлармен келісілген, бұл 96,3% - ды құрады, - деп қорытындылады Е.Закимов.

                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі