
ШҚО тұрғынының сейфтегі қаруын ұрлап кеткен
Жақында Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 69 жастағы ер адам хабарласты, ол белгісіз адам терезеден үйіне кіріп, металл сейфтен 5,6 мм калибрлі «Соболь» аңшылық мылтығын (карабин) ұрлап кетті.
Сонымен қатар, үйден алтын алқа, құндыз бөрік, үш төсек жиынтығы және ерлер күртешесі жоғалған. Осылайша, жалпы сомасы 815 000 теңгеге материалдық залал келтірді.
- Барлық қабылданған шаралармен криминалдық полиция қызметкерлері қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, ізін суытпай бұрын бірнеше рет сотты болған, 34 жастағы Шемонаиха қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Күдікті тергеу әрекеттері барысында кінәсін мойындаған. Іс бойынша ұрланған мүлік тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі