
Семей тұрғыны көлікті айдап әкетіп артынан өртеп жіберген
Бірнеше күн бұрын Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 29 жастағы қала тұрғыны жүгінді, ол 05-08 наурыз аралығында белгісіз біреулер үйдің ауласына қойылған «ВАЗ» көлігін айдап кеткенін хабарлады. Материалдық шығын 1 600 000 теңгені құрады.
Патрульдік полиция қызметкерлері бірден «Тосқауыл» жоспарын жариялады. Сол күні Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаланың тағы үш тұрғыны белгісіз адамдардың көліктерін өртеп жібергені туралы хабарласты.
- Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел ізге түсумен ізін суытпай 24 жастағы күдікті азамат ұсталды. Тергеу амалдары барысында 05-06 наурызға қараған түні 24 жастағы жергілікті тұрғын автокөлік ұрлағанын және үш көлікті қасақана өртегенін анықтады. Ұсталған кезде күдікті мойындады. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі