
Көлік жүксалғышынан еліктің еті табылды
Бірнеше күн бұрын Зайсан ауданындағы «Омбы-Майқапшағай» тас жолында «Шевролет Нива» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында Боран ауылының 47 жастағы тұрғыны мен Зайсан қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы көлікгінің жүксалғышынан жалпы салмағы 37 килограмм құрайтын 2 еліктің еті және осы азаматтардың біріне тиесілі 16 калибрлі екі ұңғысы бар тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі