Өскемендік азамат саяжайында шолақ мылтық жасырған

Өскемендік азамат саяжайында шолақ мылтық жасырған

Өскемендік азамат саяжайында шолақ мылтық жасырған

Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында «Құқықтық тәртіп» ЖААШ өткізу барысында Өскемен қаласы ПБ қызметкерлері қала тұрғынынан шолақ мылтық тәркіледі. 51 жастағы азамат қаруды саяжайдағы үйінің шатырында жасырған.

- Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат-бұл атыс қаруы, атап айтқанда тегіс екі ұңғылы, шүріппелі, 16 мм аң аулау мылтығы. Мылтықтың зауыттық нөмірлерін механикалық зақымдау арқылы алынып тасталған. Мылтықтың екі ұңғысынан да атуға жарамды. Бұл қару саяжай иесіне тиесілі еместігі анықталды. Сонымен қатар, қарудың иесі ретінде есепте тұрмайтыны анықталды,- деді Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі