ШҚО тұрғының шойын батареяларын ұрлаған

ШҚО тұрғының шойын батареяларын ұрлаған

ШҚО тұрғының шойын батареяларын ұрлаған

Наурыз айының басында Курчатов қаласының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 55 жастағы ер адам хабарласты. Ол 2021 жылғы 13-25 ақпан аралығында белгісіз тұлғалар еркін қол жеткізу арқылы үйдің 4 және 5 қабаттарының арасындағы баспалдақта тұрған шойын жылыту батареяларын ұрлап кеткенін хабарлады. Осылайша, 50 000 теңге сомасына материалдық шығын келтірілді.

Тергеу-жедел тобының қызметкерлері жедел ізге түсумен Курчатов қаласының 50 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді. Ол ұрланған мүлікті беріп, мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі