
ШҚО тұрғыны 74 жастағы зейнеткердің әмиянын ұрлаған
Наурыз айының басында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 74 жастағы ер адам хабарласты. Ол 10 наурызда белгісіз тұлғалар оның пакетінен әмиянды ұрлап кеткенін, оның жеке куәлігі, банк картасы және 70 700 теңге сомасындағы ақша қаражаты бар екенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел ізге түсумен ізін суытпай 24 жастағы Көкпекті ауылының тұрғынын анықтап, жеткізді. Күдікті жауап алу кезінде мойындау айғақтарын берді. Іс бойынша ұрланған мүлік тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі