
ШҚО-да массаж салонының қызметкерлері клиенттерге интимдік қызмет көрсетті
ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығының аумағында орналасқан массаж салондарының бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады. Бұл массаж салонында қыздар клиенттерге қосымша ақы үшін интимдік қызметтер көрсеткен, атап айтқанда «Body» массаж жасаған.
- Криминалдық полиция жедел уәкілдері Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады, ол осы массаж салонының директоры ретінде, белгілі бір жағдай жасай отырып, ақшалай сыйақы үшін жезөкшелік қызметін ұйымдастырған,- ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі