
Ер адам ШҚО тұрғынын тонап кетті
Ақпан айының соңында Семей қ.ПБ Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 47 жастағы қала тұрғыны хабарласып, оның күртешесінен ақша қаражаты мен ұялы телефон ұрланғанын хабарлады.
Сол күні бейтаныс адам оған қонаққа келгені белгілі болды. Келтірілген материалдық шығын 48 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция инспекторлары жедел ізге түсумен 36 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді. Күдікті ұрланған мүлікті сатқанын, ал ақшалай қаражатты өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты.
Күдікті адам криминалистік есепке алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі