
Риддерде зейнеткер тоналды
Наурыз айының басында Риддер қаласының полиция бөлімінің "102" жедел арнасына 66 жастағы зейнеткер хабарласып, белгілі ер адамның оның пәтеріне заңсыз кіргенін және зорлық-зомбылықпен оның ұялы телефоны мен 35000 теңге сомасындағы ақша қаражатын ашық ұрлағанын хабарлады.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 42 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШКО ПД баспасөз қызметі