Өскеменде жас жігіт біреудің қымбат көлігін зақымдаған

Өскеменде жас жігіт біреудің қымбат көлігін зақымдаған

Өскеменде жас жігіт біреудің қымбат көлігін зақымдаған

Бірнеше күн бұрын Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 33 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол 03 ақпанда сағат 06.20 шамасында бұзақылық ниетпен белгісіз тұлға үйдің ауласында тұрған «Lexus-470» автокөлігінің алдыңғы шынысын, алдыңғы сол жақ шынысын, артқы габариттік шамдарын сындырғанын хабарлады. Осылайша 100 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 21 жастағы жігітті анықтап, жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі