Дөңгелек үстел: Сот сараптамаларын тағайындау барысында туындайтын проблемалар

Дөңгелек үстел:  Сот сараптамаларын тағайындау барысында туындайтын проблемалар

Дөңгелек үстел:Сот сараптамаларын тағайындау барысында туындайтын проблемалар

Ағымдағы жылдың 25 наурызында Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимовтың төрағалық етуімен ШҚО бойынша ССИ басшысы мен сарапшыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Өзінің баяндамасында Елдос Закимов сот сарапшылары жұмысының маңыздылығын, тергеушілердің тиімді жұмысы белгілі мөлшерде сот-сараптама қызметіне, сонымен бірге қажетті сараптамалардың уақытылы тағайындалуына да байланысты екенін атап өтті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша көптеген процестік шешімдері сарапшылардың қорытындысына негізделеді.

Өткізілген шараның мақсаты қылмыстық қудалау органы мен сарапшылар арасындағы қарым-қатынасты реттеу.

«Дөңгелек үстел» қатысушыларымен көкейтесті мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Кездесу нәтижесі бойынша «дөңгелек үстелге» қатысушылар тиімді қарым-қатынас жүргізуге септігін тигізетін бірлесіп жұмыс жүргізуді жандандыру, бірқатар ұйымдастырушылық шараларды қабылдау туралы ортақ шешімге келді.

                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі