
Елордалық тұрғыны семейлік танысын тонап кетті
Бірнеше күн бұрын Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 55 жастағы әйел жүгінді. Хабарласқан азаматша оның танысы бөлмеде жатқан сөмкесінен 380 мың теңге көлеміндегі қаражаты ұрлағанын хабарлады.
Жедел – тергеу тобының қызметкерлері «жедел ізге түсумен» Нұр – Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтады. Ұстауға арналған шаралар қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 188 – бабы 1 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі