Семей тұрғынының көлігі ұрланды

Семей тұрғынының көлігі ұрланды

Семей тұрғынының көлігі ұрланды

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 37 жастағы қала тұрғыны құны 7 000 000 теңгеден асатын «HYUNDAITUCSON» маркалы көлігін айдап әкету фактісі бойынша хабарласты.

Семей қаласы ПБ жедел басқару орталығының бақылау инспекторлары «жедел ізге түсумен» Спартак көшесі ауданын тексеру кезінде іздеудегі автокөлікті ұқсас белгілері бойынша анықтап, оны жедел тоқтатты. Полиция бөліміне жеткізілген 39 жастағы ер адам жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады. Көлік құралы иесіне сақтау қолхатымен берілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі