Өскемен тұрғынынан күзеннен жасалған бас киімді ұрлап кетті

Өскемен тұрғынынан күзеннен жасалған бас киімді ұрлап кетті

Өскемен тұрғынынан күзеннен жасалған бас киімді ұрлап кетті

Өскемен қ.ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 40 жастағы қала тұрғыны түнгі уақытта дүкендердің бірінің жанында белгісіз ер адам зорлық-зомбылық қолданып, оның күзеннен жасалған бас киімін және екі ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы хабарласты. Осылайша, жалпы сомасы 200 000 теңгеден астам материалдық залал келтірді.

Криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция жасағымен бірге жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторының көмегімен «жедел ізге түсумен» 33 жастағы ер адамды анықтап жеткізді.

Күдікті адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен (тонау) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі