Гараж торуылдаған ұры ұсталды

Гараж торуылдаған ұры ұсталды

Гараж торуылдаған ұры ұсталды

Жақында Өскемен қ. ПБ Солжағалау полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 38 жастағы қала тұрғыны жүгінд. Ол 2021 жылдың 06 қаңтар мен 09 наурыз аралығында белгісіз тұлға оның жеке үйінің аумағына кіріп, гараж құлпын бұзу жолымен металл бұйымдар мен заттарын ұрлап кеткенін хабарлады. Ұрланған заттар ішінде пеш плитасы, пештің металл есіктері, колосник, металл алюминий канистра жоғалып кеткен. Сондай-ақ, қаскүнем ер адамның күртешесін, резеңке етіктерді, құралдарды (гайка кілттері, балта), темір баспалдақты және балалар велосипедінен раманы ұрлап кетті. Шығын 45 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел ізге түсумен криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді, ол тергеу әрекеттері барысында ұрланған мүлікті беріп, мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі