Жағдайды пайдаланып, жүргізушінің телефонын қолды қылды

Жағдайды пайдаланып, жүргізушінің телефонын қолды қылды

Жағдайды пайдаланып, жүргізушінің телефонын қолды қылды

Наурыз айының басында Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөліміне «102» жедел арнасына 22 жастағы жігіт хабарласты. Ол белгісіз адам құлыпталмаған есік арқылы оның қызметтік «Газель» автокөлігінің салонына кіріп құны 50 000 теңге тұратын ұялы телефонды ұрлап кеткенін хабарлады. Ол кезде көлік дүкендердің бірінің алдында тұрақта тұрған.

Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камераларының көмегімен патрульдік полиция жасағы бұрын сотталған 42 жастағы қала тұрғынын жеткізді. Іс бойынша заттай дәлелдеме ұялы телефон

алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі