
ШҚО-да ауыл тұрғыны үй тонап кетті
Наурыз айының басында Бесқарағай аудандық полиция бөліміне Канонерка ауылының 31 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Ол 2 наурызда белгісіз адам аспалы құлыпты есіктен жұлып алып, оның үйіне кіргенін айтты. Пәтерден екі ұялы телефон мен бұрғылау құралын ұрлап, тоңазытқыштан азық-түлік жоғалып кеткенін айтты. Материалдық шығын 130 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 21 жастағы жігітті анықтап, жеткізді. Жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды.
Күдікті адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі