Теңгелеп жинаған азаматтың қаражатын жымқырды

Теңгелеп жинаған азаматтың қаражатын жымқырды

Теңгелеп жинаған азаматтың қаражатын жымқырды

Наурыз айының басында Риддер қаласының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 31 жастағы ер адам жүгінді. Ол ақша жинағышынан (копилка) 130 мың теңге жоғалғанын және оның пәтерінде болған бейтаныс жігіттердер күдіктентінін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп, 27 және 32 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Күдіктілер қылмысты жасағандарын мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі