
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ-ның қорытындысы: ШҚО-да жедел ізге түсумен 200-ге жуық қылмыс ашылды
Ағымдағы жылдың 12-18 наурыз аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
ШҚО полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Рейдтік іс-шаралар кезеңінде ШҚО ПД полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті, көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударды, қылмыстарды, сондай-ақ бұрын жасалған қылмыстарды «ізін суытпай» ашты.
7 күннің қорытындысы бойынша «ізін суытпай» 198 қылмыс ашылды, бұрын жасалған 90 қылмыс, іздеуде жүрген 21 күдікті ұсталды.
Операция барысында он мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 1 292 ұсақ бұзақылық фактісі (ҚР ӘҚБтК 434 бабы), спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуі үшін (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) - 1 608, ал 1 886 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) жауапқа тартылды. ІІО-да профилактикалық есепте тұрған 9 000-нан астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 30 қару-жарақ алынды: 1 газ тапаншасы, 4 Ойық және 25 тегіс ұңғылы қару.
- 7 күн ішінде жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 61 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруының 3 фактісі анықталды, - деді ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев.
Сондай-ақ, облыс полицейлері есірткі заттарын сақтаудың 18 фактісін анықтады, 135-ке жуық бір реттік доза марихуананы тәркіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі