Сәтсіз ұрлық

Сәтсіз ұрлық

Сәтсіз ұрлық

Наурыз айының басында Глубокое ауданының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Белоусовка кентінің 53 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол белгісіз адам үйінің есігін бұзып, үйден «LG» теледидарын, алтын алқа, «BOSCH» тесуге арналған құралын және үйде тұрған азық-түлікті ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 271 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді. Ұсталған адам ұрланған мүлікті ішінара қайтарып берді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі