Аулаға шыққан Өскемендіктің телефонын ұрланып кетті

Аулаға шыққан Өскемендіктің телефонын ұрланып кетті

Аулаға шыққан Өскемендіктің телефонын ұрланып кетті

Наурыз айының басында Өскемен қ.ПБ Үлбі полиция бөліміне «102» жедел арнасына 27 жастағы ер адам хабарласып, телефон ұрланғанын хабарлады.

Оқиға жәбірленуші өз үйінің ауласында болған және бейтаныс жігіт қоңырау шалу сылтауымен оның бағалы ұялы телефонын иемденгені белгілі болды. Осылайша 70 000 теңге шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Глубокое ауданының 24 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді. Күдікті азамат өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі