ШҚО-да ЖШС аумағынан жарты миллион теңгеге мыс ұрланды

ШҚО-да ЖШС аумағынан жарты миллион теңгеге мыс ұрланды

ШҚО-да ЖШС аумағынан жарты миллион теңгеге мыс ұрланды

Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөліміне 32 жастағы кезекші супервайзер ЖШС-нің бірінде кіреберісте ұрының ұсталғанын хабарлады.

42 және 46 жастағы екі ер адам ЖШС мыс балқыту цехының аумағынан мыс шығаруға тырысқаны анықталды. Материалдық шығын 500 000 теңгені құрады.

- Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді полиция бөліміне жеткізілді, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында олар өз кінәларын мойындады. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі