
Риддер тұрғынының үйінен креслолар мен кереует ұрланды
Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Риддер қ.ПБ "102" жедел арнасына 32 жастағы әйел жүгінді, ол 2020 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы 28 ақпанға дейін ер адам қала үйлерінің біріне еркін қол жеткізу жолымен кіріп, екі кресло, екі кісілік кереует, балалар кереуетін ұрлағанын хабарлады. Шығын 85 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды жеткізді. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ІСКБ баспасөз қызметі