
ШҚО-лық полицей 8-наурыз мерекесі қарсаңында өз сүйіктісіне ұсыныс жасады
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ерекше оқиға орын алды. Өскемен қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Тұрсынғали Жасұлан өзінің әріптесі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Маратоваға отбасын құруға ұсыныс жасады. Мұның бәрі, Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі 8-наурызда әріптестерін құттықтап, мерекелік бейнеролик түсіру барысында орын алды. Күтпеген жерден Жасұлан өзінің сүйіктісіне гүл шоғын сыйға тартып, оған үйленуге ұсыныс жасады. Әрине, бұл әсерлі сәт бейнеге түсіп қалды.
Ғашық жандар өткен жылдың күзінде танысыпты. Олар бір уақытта кадрлар бөліміне кезекті еңбек демалысын рәсімдеу үшін келген. Сөзден сөз шығып әңгімелері жарасқан екі қызметкердің таныстығы осылай басталып, содан кейін достық шынайы махаббатқа айналды.
Әріптестер Жасұлан мен Махаббатты қызмет табыстырғанын айтады. Олардың екеуі де полиция қызметкерлері және ішкі істер органдарында адал қызмет етеді.
Айта кетейік, ШҚО полиция департаментінде 50-ден астам әулет қызмет етеді. Олардың барлығы полициядағы қызмет табысып, одан әрі бақытты отбасын құрған. Дұрыс таңдалған мамандық- болашақтағы бақыт кепілі!
ШҚО ПД баспасөз қызмет