
Семейліктің 3 млн. теңгеге жуық қаражаты алаяққа бұйырды
Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 25 жастағы тұрғыны хабарласып, оның танысы 2020 жылдың наурыз айында оның атына несие ресімдеуге көмектесемін деп уәде беріп, оның 2 800 000 теңге қаражатын иемденіп алғанын айтқан.
- Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 27 жастағы қала тұрғыны жеткізілді. Күдікті өз кінәсін мойындады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев
Қазіргі уақытта аталған ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі