
ШҚО – да жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші қамауға алынды
Таяуда кешке қарай ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы Өскемен қаласы Карбышев көшесінде жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін «Mitsubishi» маркалы автокөлігін тоқтатты. 24 жасар жүргізуші фаралардың жақын шамын қоспаған.
Тексеру кезінде жүргізушінің сот қаулысымен жүргізуші куәлігінен айырылғандығы, сондай – ақ әңгімелесу барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған, сөйтіп оны медициналық куәландыру үшін наркологиялық диспансерге жеткізілгені анықталды. Қорытынды жүргізушінің «орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде» екенін көрсетті.
Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.
Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346 – бабы 1 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі