ШҚО полицейлері автокөлік өртінің алдын алды

ШҚО полицейлері автокөлік өртінің алдын алды

ШҚО полицейлері автокөлік өртінің алдын алды

Егер полицейлер болмаса, Курчатов қаласының тұрғыны көліксіз қалуы мүмкін еді. Оқиға Абай көшесіндегі аулалардың бірінде болған. Патрульдік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Әбілмансұров Заңғар және криминалист, полиция аға лейтенанты Жұманкенов Бақытбек патрульдеу кезінде тұраққа қойылған автокөліктен капоттың астынан түтін шыққанын байқаған. Полицейлер көлік іске қосыып, ал салонда жүргізушінің жоқтығын байқаған. Оны көрген олар ойланбастан көлікке қарай жүргірген. Алдымен қозғалтқышты өшіріп, одан кейін аккумуляторды алып шықты.

- Санаулы минуттардың ішінде қысқа тұйықталу салдарынан көлік өртеніп кетуі мүмкін еді, бәрі ойдағыдай болып, автокөлік зақымданған жоқ, - деп атап өтті полиция аға лейтенанты Б.Жұманкенов.

Полицейлер жөндеуден кейін көлік иесі оны арнайы тастап кеткенін, ал өзі пәтерге кіргенін және капоттың астында сымдар жанып жатқанын байқамағанын анықтады.

- Полицейлерге кәсіби іс-әрекеттері үшін үлкен рахмет, - деп автокөлік иесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі