
ШҚО полицейлеріне 30 жуық азамат рухани-мәдени көмек көрсетті
Шығыс Қазақстан полицейлері Өскемен қаласының тұрғындарына тәртіп сақшыларына көрсеткен рухани-мәдени көмектері үшін алғыстарын білдірді.
Көктемнің алғашқы күнінде біз керемет мереке - Алғыс айту күнін атап өтеміз. Бұл мереке - көпұлтты еліміздің татулығының, бірлігі мен келісімінің символы. Мереке халық бірлігін нығайтуда еңселі қызмет етуге, патриотизмнің, достық пен мәдениттердің өзара байланысының үлігісін танытатын күн. Өйткені, бірлік пен ынтымақтастық, Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершілік - біздің рухани күшіміз бен болашаққа деген сеніміміздің басты тетігі. Осындай бірліктің кепілі, қазіргі біздің қоғамымыздың негізгі іргетасы, ол жалпыға ортақ Отанға деген махаббаттың ұлы күші.
Алғыс айту күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері патриоттық, рухани, мәдени-эстетикалық тәрбие беруде көмек көрсететін және Полиция департаментінің мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізуге белсенді қатысатын Өскемен қаласының 27 азаматтарына жүрекжарды алғыстарын білдірді. Белсенді азаматарға ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиевтың атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
Айта кетсек, ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ринат Унарбеков барлық қонақтарға бірлескен жемісті қызмет үшін тағы да алғысын білдіріп, барлығына табыс тіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі