
ШҚО полицейлері 88 жастағы ардагерді Алғыс айту күнімен құттықтап қайтты
Алғыс айту күні қарсаңында ШҚО Полиция департаменті анықтау басқармасының қызметкерлері «Алғыс бата ал» акциясы аясында Ішкі істер органдарының ардагері, өмірінің 27 жылын құқық қорғау қызметіне арнаған 88 жастағы Демидова Клавдия Петровнаға барды.
ШҚО ПД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Арман Умутов барлық ұжымның атынан Клавдия Петровнаны Алғыс айту күнімен және келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ол ардагерге үлкен алғысын білдіріп, бүгінгі күнге дейін полицияның барлық жұмысы жүріп жатқан берік негіз бен іргетас қалағаны үшін үлкен ризашылығын білдірді және оның қылмысқа қарсы күрес ісіне қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.
- Біз Клавдия Петровнаға шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр және жақсылық тілейміз! - Арман Умутов өзінің құттықтау сөзінде ардагерге гүл шоғы мен жеміс толы себетті табыс етті.
Өз кезегінде Клавдия Петровна жас ұрпаққа батасын беріп, барлығына көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, барлығына мықты денсаулық, шыдамдылық, төзімділік және қызметте сәттілік тіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі