ШҚО-да екі жігіт үйді тонап кеткен

ШҚО-да екі жігіт үйді тонап кеткен

ШҚО-да екі жігіт үйді тонап кеткен

Ақпан айының басында Жарма ауданының полиция бөліміне Сары-Арқа ауылының 40 жастағы тұрғынынан белгісіз адамның есіктің құлпын бұзып ашып,оның үйіне кіріп, 180 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын және 30 метр мыс кабелін, сондай-ақ асүй пышағын жасырын ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен. Осылайша жалпы сомасы 200 000 теңгені құрайтын материалдық шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Қалбатау ауылының 28 және 29 жастағы екі тұрғынын анықтап ұстаған. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі