
Сыраханадағы жанжал
Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Риддер қ.ПБ "102" жедел арнасына 41 жастағы әйел қала аумағында орналасқан сыраханаларының бірінде жанжалқойдың сабасына түспей жатқаны туралы жүгінген.
-Жедел-тергеу тобы келген бойда 52 жастағы қала тұрғынының сыраханада бұзақылық ниетпен 32 жастағы қызға дене жарақатын келтіргені анықталды,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі.