Өскемен қаласы тұрғынының банк картасынан 200 000 теңге ұрлаған

Өскемен қаласы тұрғынының банк картасынан 200 000 теңге ұрлаған

Өскемен қаласы тұрғынының банк картасынан 200 000 теңге ұрлаған

Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ-нің «102» жедел арнасына 35 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, оның банк картасынан ақша ұрланғаны туралы хабарлаған. Оқиға болған сәтте ол қонақта болғаны және белгісіз біреу кіреберіс бөлмеде ілгіште ілініп тұрған күртесінің қалтасынан оның банк картасын ұрлап кеткені анықталды. Барлығы 200 000 теңге ұрланған.

-Жедел -іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы әйелді анықтап, ұстады, тергеу әрекеттері барысында ол кінәсін мойындап, ұрланған қаражаттың бір бөлігін қайтарып берді ,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде (ұрлық).

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі